Accessibility links

Ауғанстан тыңшылық жасады деп 2 адамды ұстады


Иранға тыңшы болды деген айып тағылған - Сиед Хуссейн және Сиед Камал.
Иранға тыңшы болды деген айып тағылған - Сиед Хуссейн және Сиед Камал.
Ауған билігі Иран үшін тыңшылық жасап, Ауғанстанда террорлық шабуылдар жасамақ болды деген айыппен екі адамды қамауға алды.

Азаттықтың ауған қызметі таратқан видеода, екі ауғандық Сиед Камал мен Сиед Хуссейн өздеріне тағылған айыпты мойындаған. Ол екеуі де Иранның Революциялық сақшыларының жаттықтыруынан өткен ауғандық босқындар тобының мүшесі екендерін айтқан.

Сиед Камалдың айтуынша, бұл топтың мүшелері террорлық шабуылдар жасап, тыңшылық мәліметтер жинау үшін Ауғанстанға жіберіліп отырған.

Бұл тұтқындаулар ауған билігі ирандық жартылай ресми «Фарсы» ақпарат агенттігінің Кабулдағы басшысы Абдолвахед Хакимді қамауға алған соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG