Accessibility links

Индонезияда Ресей ұшағы апатқа ұшырады


Ресейлік Sukhoi Superjet-100 ұшағының Джакарта әуежайынан ұшып шыққан сәті. Индонезия, 9 мамыр 2012 жыл.

Ресейлік Sukhoi Superjet-100 ұшағының Джакарта әуежайынан ұшып шыққан сәті. Индонезия, 9 мамыр 2012 жыл.

Сәрсенбіде Джакартадан ұшып шыққан соң жоғалып кеткен ресейлік Sukhoi Superjet-100 ұшағы Индонезиядағы Ява аралының батыс бөлігіндегі Салак тауының бөктерлерінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 45 жолаушы болған.

Superjet-100 сәрсенбіде Индонезия астанасы Джакартадан ұшып шыққан соң 20 минуттан кейін хабарсыз кеткен.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің бұйрығымен апат себебін тексеретін арнайы комиссия құрылып, ұшақты жасаған және сатуға шығарған мамандар тобы Индонезияда тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Азия елдеріне арнап шығарылған Ресей ұшағы 9 мамырда алғашқы сапарға шыққан.
XS
SM
MD
LG