Accessibility links

Тәжікстандық 8 қария қажылыққа жаяу шықты


Куляб қаласынан қажылыққа жаяу шыққан қариялар. Тәжікстан, 8 мамыр 2012 жыл.
Куляб қаласынан қажылыққа жаяу шыққан қариялар. Тәжікстан, 8 мамыр 2012 жыл.
Тәжікстанның Куляб қаласының сегіз азаматы Меккеге жаяу қажылық жасауға аттанып, тәжік-ауған шекарасын кесіп өтті. Сауд Арабиясына жету үшін олар 4 мың 600 шақырым жол жүріп, Ауғанстан мен Пәкістанды басып өту керек.

Қажылыққа аттанғандардың жасы 60-тан асып кеткен. Олар өздерімен бірге тек аз ғана қаражат алып шыққан. Түнде жол-жөнекей кезіккен мешіттерге түнемек.

Жоспар бойынша қажылыққа аттанғандар Меккеге қажылық басталатын қазан айының басында жетпек. Топты бұған дейін қажылыққа жаяу барған спортшы Абдулазиз Раджабов бастап жүр. Тәжікстан билігі оларға виза алуға көмектескен.
XS
SM
MD
LG