Accessibility links

Ресейде оппозиция жетекшілері 15 тәулікке қамалды


"Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцовті наразылық акциясында полиция ұстап әкетті. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл.
"Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцовті наразылық акциясында полиция ұстап әкетті. Мәскеу, 8 мамыр 2012 жыл.
Мәскеу соты оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов пен блогер Алексей Навальныйды "полицияға бағынбады" деп айыптап, 15 тәулікке қамауға үкім шығарды. Екі оппозиционер де тағылған айыпты мойындамайды.

Удальцов мұны "Соңғы күндері адамдардың көшеге шығып, билікке қатысты өз ойларын еркін білдіргеніне жауап" деп бағалады.

Ал Навальный 8 мамырда Кудринск алаңында ұсталған кезде "Белый город" деп аталған акцияға қатысқанын, бірақ ұрандамағанын айтады.

Мәскеу полициясы наразылық шерулері басталған жексенбіден бері 750 адамды қамаған.

Ресейде жаңа сайланған президент Владимир Путиннің билікке келуіне қарсы азаматтар наразылық шараларын өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG