Accessibility links

Қарағанды облысында су басу қаупі туып, 29 отбасы көшірілді


Бұдан екі жыл бұрын бұзылған Қызылағаш су қоймасының бөгені. Алматы облысы, наурыз 2010 жыл. Көрнекі сурет.
Бұдан екі жыл бұрын бұзылған Қызылағаш су қоймасының бөгені. Алматы облысы, наурыз 2010 жыл. Көрнекі сурет.
Қарағанды облысының Абай ауданына қарайтын Қойбас ауылында жасанды су қоймасында бөгеннің бұзылу қаупі төніп, 29 отбасы көрші ауылға көшірілді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, Қойбастағы №1 су қоймасы бөгенінің жарылуы мүмкін деген ақпарат сәрсенбіде белгілі болған. Қойбас ауылынан барлығы 109 адам көршілес Сарыепті ауылына көшірілген.

"Қазір бөгенді бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Қоймадағы су деңгейі төмендеп келеді" дейді министрлік.
XS
SM
MD
LG