Accessibility links

Ауғанстан қауіпсіздігі жергілікті күштерге тапсырылады


Кабулдағы өткізу бекетінде тұрған полицей мен ауған әйелі. Ауғанстан. Көрнекі сурет.

Кабулдағы өткізу бекетінде тұрған полицей мен ауған әйелі. Ауғанстан. Көрнекі сурет.

Ауғанстанда халықаралық бітімгер мемлекеттер әскері елдегі бірнеше ірі қалалар мен аудандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді 20 мамырға дейін жергілікті жергілікті әскерилерге тапсырады деп хабарлады Ауғанстанның қорғаныс министрі Захир Азими.

Оның айтуынша, бұл - қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жергілікті күштерге тапсырудың үшінші кезеңі. Мұның нәтижесінде ауғандық әскерилер елдің барлық уәлаяттарындағы әкімшілік орталықтар мен 400 ауданның 230-ына бақылау жасамақ.

Халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан 2014 жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс. Ауғанстан мәселесі 20 мамырда Чикагода өтетін НАТО саммитінде талқыланатын басты тақырып болмақ.
XS
SM
MD
LG