Accessibility links

ІІМ: Халиолла шабуыл жасалғанын жоққа шығарды


Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Ішкі істер министрлігі айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға шабуыл жасалды деген деректі жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Бейсенбіде брифинг өткізген министрлік өкілі Нұрділдә Ораз шабуыл туралы ақпарат құралдарынан хабардар болғанын, ол жайында Халиолланың өзінен түсінік алғанын айтты. "Халиолла өзіне жасалған қастандықты мүлдем жоққа шығарды және қастандық жайында полицейлерден алғаш рет естіп отырғанын айтты" дейді Нұрділдә Ораз.

Бауыржан Халиолла 8 мамырда Азаттық тілшісіне мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні үйінің алдында қарулы шабуыл жасалғанын хабарлаған еді. Ол белгісіз үш адамның өзін алдымен резина оқпен атып, сосын екі рет пышақ сілтегенін айтқан.
XS
SM
MD
LG