Accessibility links

Сот: Ахмедьяровқа қастандық жасады деген екі сезікті қамалды


"Уральска неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.
"Уральска неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.
Орал соты (Батыс Қазақстан облысы) "Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасады деген екі сезіктіні қамауға санкция берді деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 мамырда жергілікті 20 жастағы екі адам тұтқындалып, шабуыл жасағанын мойындаған.

Бейсенбідеде өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "жедел тергеу тобының қастандық жасады деген күдікпен бірнеше адамды ұстағанын" растаған болатын.

Лұқпан Ахмедьяровты Оралда 19 сәуір күні түнге қарай үйінің алдында белгісіз екі адам тапаншамен атып, артынан бірнеше жерінен пышақтап кеткен еді. Ахмедьяров ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, аман қалды. Ол шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады.

Полиция кейін бұған қатысты "қасақана кісі өлтіру үшін шабуыл жасады" деген іс қозғаған. Ал халықаралық құқық қорғау және журналистік ұйымдары Қазақстан билігін шабуылға кінәлілерді тауып, жазалауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG