Accessibility links

Астанада Назарбаев пен Атамбаев кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, Қырғызстанда жүріп жатқан саяси процестерді қолдайтынын айтты деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Атамбаев Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келген. Астанада екі елдің кеңейтілген делегациясының кездесуінде Назарбаев "Қазақстанның Қырғызстанды Орталық Азиядағы одақтас, стратегиялық әріптес ел санайтынын" айтып, енді "бос сөзден (сөзбе-сөз келтіргенде: "болтологиядан" - ред.) нақты іске көшуге" шақырған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Қырғызстанға 2010 жылы осы елде болған оқиғалардан кейін жалпы көлемі 30 миллион, ал өткен жылы 4 миллион АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз гуманитарлық және әскери көмек берген.
XS
SM
MD
LG