Accessibility links

Прокурор Теміровті 5 жылға соттауды сұрады


Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.
Бүгін Ақтау қалалық сотында Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровтің үстінен жүріп жатқан сот процесінің жарыссөз кезеңі басталды.

Ақтаудағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, прокурор Жеңісбек Теміровке 308-баптың 2 және 4-тармақтары бойынша жаза кесуді сұрады. Айыптаушы Теміровті алғашқы тармақ бойынша – үш жыл, келесі шарт бойынша бес жылға соттау керегін айтты. Прокурор заңдағы «жазаның жеңілі ауырына алмастырылуы тиіс» деген бапқа орай айыпталушыны жиыны бес жылға соттап, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтетуді сұрады.

Жеңісбек Теміров басқарған кезде УҚИ-ге түсіп, сол жерде көрген соққыдан қайтыс болды деген Базарбай Кенжебаевтың қызы - жәбірленуші Әсем Кенжебаева айыпталушыдан бес миллион теңге өтетуді талап еткен еді. Прокурор Жеңісбек Теміровтен бұл ақшаның бір миллионын өндіртуді сұрады.
XS
SM
MD
LG