Accessibility links

Ұлыбританияда бюджет шығынын қысқартуға наразылық танытты


Лондон көшесінде жүрген қарулы полицей. Көрнекі сурет.

Лондон көшесінде жүрген қарулы полицей. Көрнекі сурет.

Лондонда 30 мың полицей шеру өткізіп, ел бойынша мыңдаған әлеуметтік сала қызметкерлері биліктің әлеуметтік шығындарды, жалақы мен зейнетақыны қысқарту жоспарына наразылық танытты.

Шеру өткізген күні демалған полицейлер бастарына "Бюджетті қысқарту - қылмыс" деген жазуы бар қара кепка киіп, жалақылары мен зейнетақыларының қысқаруына өздерінің наразылықтарын білдірді. Шеруге елдегі түрмелердің күзетшілері де қосылды.

Ұлыбританияда 2010 жылы жаңа үкімет келгеннен кейін наразылық акциялары тұрақты түрде өте бастады. Ұлыбритания заңдарына сай, полицейлерге ереуілге шығуға рұқсат жоқ. Бірақ полицейлердің өздері үкіметке бюджеттік шығындарды барынша қысқартуы қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті.
XS
SM
MD
LG