Accessibility links

Алжирдегі сайлауда исламшылдар басым дауыс алды


Алжир президенті Абдулазиз Бутефлик.
Алжир президенті Абдулазиз Бутефлик.
Алжирде бейсенбіде өткен парламент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша исламшылдар басым көпшілік дауыс жинаған.

Сарапшылардың болжауынша, исламшылардың "Жасыл коалиция" блогы енді парламенттегі орындарды басқарушы екі партиямен бөліседі.

Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 43 пайызы қатысқан. Бірақ ақпарат агенттіктері "елдің көптеген аудандарында дауыс бергендер бұдан да аз болды" деп хабарлады.

Бақылаушылардың пікірінше, көптеген азаматтар сайлауға байкот жариялау арқылы елді 1999 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Абдулазиз Бутефлик жариялаған саяси реформаларға сенімсіздік білдірген.

1990 жылдардың басында Алжирде сайлауда радикалды исламшылдар жеңіске жеткен болатын. Бірақ, әскерилер олардың билікке келуіне мүмкіндік бермеді. Елдегі жағдай содан бері шиеленісті күйде қалып келді. Соған қарамастан өткен жылғы "араб көктемінде" Алжирде халық толқулары болған жоқ.
XS
SM
MD
LG