Accessibility links

"Қазақмыс" жұмысшылары: Басшылық қысым жасап жатыр


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясына қарайтын Жезқазған ТЭЦ-інің еңбекақыны көтеруді талап етіп, басшылыққа хат жазған жұмысшылары басшылықтың өздерін жұмыстан шығарамыз деп қорқытып жатқанын хабарлады.

Азаттық радиосына хабарласқан бастамашыл топтың жетекшісі Айжан Махатова бір топ жұмысшының 10 мамырда корпорацияның бас директоры Эдуард Огайға айлықты көтеруді талап етіп, екінші рет хат тапсырғанын айтады.

"Осы хаттан соң жылу цехы басшысының орынбасары Тимур Елшібеков жұмысшыларға хаттан бас тартпаса, жұмыстан шығаратыны туралы ескерту жасады" дейді Айжан Махатова.

Оның айтуынша, бүгін түстен кейін бастамашыл топтың өкілдері электр станциясы департаментінің директорымен кездеспек.

Бұған дейін ТЭЦ жұмысшылары Азаттық радиосына жалақыларының тек 30 пайызға ғана өскенін, бірақ оған көңілдері толмайтынын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG