Accessibility links

Жаңаөзен мен Шетпе соттарында жарыссөз басталды


"Шетпе оқиғасы" бойынша сот өтіп жатқан ғимараттың алдына жиналған адамдар. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

"Шетпе оқиғасы" бойынша сот өтіп жатқан ғимараттың алдына жиналған адамдар. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

Ақтауда өтіп жатқан Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша сотта 11 мамырда жарыссөз кезеңі басталды.

Шетпедегі оқиғалар бойынша сотқа қатысып отырған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алғашқы сөзді айыптаушы прокурор алған. Ол "сотталушылардың алдын ала сөз байласып, билік өкілдеріне қарсы әрекет жасағанын", жастардың "арақ ішіп, мас күйінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын" айтып, 3 жылдан 9 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Бейсенбіде Ақтау қалалық сотында Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының бұрынғы басшысы, 32 жастағы Жеңісбек Теміровтің үстінен қозғалған іс бойынша соттың да жарыссөзі басталған болатын. Жарыссөзде сөз алған айыптаушы прокурор Теміровті "қызмет бабын немесе өкілетін асыра пайдалану" бойынша айыпты деп санап, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот төрайымы Галина Айжарықова үкімнің 17 мамырда шығатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG