Accessibility links

Пекинде ШЫҰ сыртқы істер министрлері кездесті


ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Пекиндегі кездесуде. Пекин, 11 мамыр 2012 жыл.

ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Пекиндегі кездесуде. Пекин, 11 мамыр 2012 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлері жұмада терроризмге қарсы күрес және аймақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін Пекинде кездесті.

Кездесуде Ауғанстан, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайлар талқыланады деген болжам бар. Министрлер бұған қоса 6-7 маусымда Пекинде болатын мемлекет басшылары саммитінің күн тәртібін де пысықтамақ.

ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Ұйым 1996 жылы "Шанхай бестігі" деген атпен құрылған. Ал 2001 жылы Өзбекстан қосылғаннан кейін ШЫҰ деген атқа ие болды.
XS
SM
MD
LG