Accessibility links

Владимир Козловты қамау мерзімі ұзартылды


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты жұма күні тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козловтың қамау мерзімін тағы бір ай - 23 маусымға дейін ұзарту туралы үкім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Владимир Козловтың өзі сот отырысында болмаған.

Владимир Козлов 26 қаңтарда Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі айға қамалған. 19 наурыз және 16 сәуірде оны қамауға алу мерзімі екі рет ұзартылған еді.
XS
SM
MD
LG