Accessibility links

Польша зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайтпақ


Польша премьер-министрі Дональд Туск.

Польша премьер-министрі Дональд Туск.

Польша парламентінің төменгі палатасы үкіметтің зейнеткерлікке ерлер мен әйелдерді бірдей 67 жастан шығару туралы заң жобасын қолдады.

Польшада қазір әйелдер зейнеткерлікке 60, ерлер 65 жастан шығады. Премьер-министр Дональд Туск үкіметі парламентке зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заң жобасын ұсынған. Үкімет "зейнет жасын ұлғайту азаматтарға зейнетақысын көбейтіп, мемлекеттің шығындарын азайтуға көмектеседі" дегенді алға тартады. Бірақ елдегі кәсіподақтар бұған қарсы.

Заң күшіне енуі үшін оны сенат мақұлдап, президент Бронислав Коморовский қол қоюы тиіс.
XS
SM
MD
LG