Accessibility links

Шетпе сотының үкімі 21 мамырда шығады


"Шетпе оқиғасы" бойынша сот өтіп жатқан ғимараттың алдына жиналған адамдар. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

"Шетпе оқиғасы" бойынша сот өтіп жатқан ғимараттың алдына жиналған адамдар. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

Шетпе станциясында 17 желтоқсанда болған оқиғалар бойынша өтіп жатқан сотта жарыссөз кезеңі аяқталды. Сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот төрағасы жарыссөздің аяқталғанын, үкімнің 21 мамыр күні шығатынын жариялаған.

Бұған дейін жарыссөзде прокурор "сотталушылардың алдын ала сөз байласып, билік өкілдеріне қарсы әрекет жасағанын", жастардың "арақ ішіп, мас күйінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын" айтып, 3 жылдан 9 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Бірақ қорғаушылары қорғауындағы сотталушыларға тағылған айыптарға қарсы дәлелдер келтіріп, олардың еш "кінәсі жоқ екенін" айтқан.
XS
SM
MD
LG