Accessibility links

Тоқтар Әубәкіров ҚТЖ президентінің кеңесшісі болды


Тоқтар Әубәкіров «Азат» ЖСДП сьезінде. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
Тоқтар Әубәкіров «Азат» ЖСДП сьезінде. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.
Тұңғыш қазақ ғарышкері, жуықта оппозициялық «Азат» ЖСДП партиясынан шыққан Тоқтар Әубәкіров «Қазақстан теміржолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқтар Әубәкіровті кеңесші ретінде бүгін компания президенті Асқар Мәмин таныстырған.
XS
SM
MD
LG