Accessibility links

Ресейдің бірнеше аймағында «халық серуені» өтіп жатыр


Чистые пруды маңына жиналған наразы топ. Мәскеу, 11 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Чистые пруды маңына жиналған наразы топ. Мәскеу, 11 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің бірнеше қаласында азаматтық белсенділер Мәскеудегі оппозиция өкілдерінің «серуендерін» қолдау үшін көшеге шығып жатыр.

Бүгін «халық серуені» Красноярскіде өтеді, Қазанда «Ақ апта» деп аталатын жеті күндік флеш-моб басталады. Мәскеудегі шараны қолдау акциясы Пенза мен Томскіде де болды. Ал Петербургте «серуен» бірнеше күннен бері өтіп жатыр.

Оппозиция өкілдерінің Мәскеудегі «серуені» 7 мамырда - Владимир Путин Ресей президенті міндетіне кіріскен күні басталды. Сол күні Путиннің сайлануын заңсыз деп таныған жүздеген адам Тверь бульварында сап түзеп өтті. Полиция ол шараға қатысқан оншақты белсендіні ұстады. Наразы топтың біразы одан кейін Чистые пруды тоғаны маңындағы Абай ескерткіші маңында лагерь құрып, әлі күнге дейін сонда жиналып тұр.
XS
SM
MD
LG