Accessibility links

Сирия түрік журналистерін босатты


Дамаскіде өртеніп жатқан көлік. Сирия, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Дамаскіде өртеніп жатқан көлік. Сирия, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияда екі ай бұрын тұтқындалған екі түрік журналисі босатылды деп хабарлады Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давудоғлы бүгін Twitter парағында. Оның айтуынша, тілшілерді босатуға Иранның ара ағайындығы септескен.

Журналистер таяу уақытта Тегеранға жетіп, одан кейін ұшақпен Түркияға аттанады.

"Герчек хаят" қоғамдық-саяси журналының тілшісі Адем Озкесе мен оператор Хами Жошкун Сириядағы оқиға туралы фильм түсіргелі барған еді. Олар редакцияға соңғы рет 9 наурызда елдің солтүстік-батысындағы бүлік шығып жатқан Идлиб қаласынан хабарласқан. Қаланы сол күні үкімет әскері басып алып, журналистер хабар-ошарсыз кеткен.
XS
SM
MD
LG