Accessibility links

Қытайда нөсерден 37 адам қаза болды


Студенттер су басқан жерден өтіп барады. Қытай, 18 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Студенттер су басқан жерден өтіп барады. Қытай, 18 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдың солтүстік-батысында тоқтаусыз жауған жаңбырдан су жайылып, құрбан болғандар 37 адамға жетті, 19 адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды осы елдегі Синьхуа агенттігі.

Ганьсу өлкесіндегі Миньсянь округы әкімшілігінің дерегіне қарағанда, жеті мың гектар жерді су басып, үй-жай мен жолдар бүлінген. Апат аймағынан 30 мыңдай адам көшіріліп, 40 адам ауруханаға түскен.

Су басқан аймақ халқын құтқаруға 800 әскер мен 2 мыңдай құтқарушы барды. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, өлкеде жаңбыр бүгін тыйылуы керек.
XS
SM
MD
LG