Accessibility links

БҰҰ: НАТО ауған әйелдері құқын қорғауды қамтамасыз етсін


БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Ян Кубиш. Кабул, 1 мамыр 2012 жыл.
БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Ян Кубиш. Кабул, 1 мамыр 2012 жыл.
БҰҰ өкілі Чикагода өтетін НАТО саммитіне қатысушыларды "Ауғанстандағы әйелдер құқын қорғау шарасын осы елден одақтастар әскері толық шығатын 2014 жылға дейін қамтамасыз етуге" шақырды.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Ян Кубиштің сенбі күні мәлімдемесіне қарағанда, "соңғы он шақты жылда ауған әйелдерінің қауіпсіздігі мен білімі саласында көп іс атқарылған - бірақ НАТО әскері елден шыққан соң ауған үкіметі талибтермен татуласса, бәрі зая кетуі мүмкін".

Кубиштің ескертуі - БҰҰ-ның халық туралы мәлімдемесінің бір бөлігі.

Чикагода 20-21 мамырда өтетін НАТО саммитінде Ауғанстан қауіпсіздік күштерін қаржыландыру, сол елдегі адам құқын қорғау мәселесі сөз болады.
XS
SM
MD
LG