Accessibility links

Владимир Ким «Қазақмыс» басшылығынан кетеді


«Қазақмыс» директорлары кеңесінің төрағасы болған Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүейк 2010 жыл.
«Қазақмыс» директорлары кеңесінің төрағасы болған Владимир Ким. Алматы, 12 қыркүейк 2010 жыл.
«Қазақмыс» директорлары кеңесінің төрағасы Владимир Ким өз өкілетін директорлар кеңесінің тəуелсіз төрағасына табыс ететіндігі жайлы шешімін жария етті» деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Бұл қызметті 2005 жылдан бастап атқарған Владимир Ким «өкілеттіктерін табыс еткен соң бұрынғыша директорлар кеңесінің құрамында атқарушы емес директор ретінде топтың қызметінде белсенді қатысып жүретінін», компаниядағы өзіне тиесілі акциялар пакетін «қысқартуға ниетті емес» екенін айтқан.

«Қазақмыстың» баспасөз мәліметіне қарағанда, компанияның «директорлар кеңесі жаңа кандидатураны іріктеу процесін дереу бастап, келесі жалпы акционерлердің жылдық жиналысына дейін өкілеттіктерді табыс ету процесін аяқтауды жоспарлап отыр».
XS
SM
MD
LG