Accessibility links

Мәскеуде "халық серуені" өтпек


Болотный алаңындағы наразылық шарасына келгендер. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Болотный алаңындағы наразылық шарасына келгендер. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
2012 жыл 13 мамырда ресейлік РБК сайты Путинге наразылардың қазір Чистопрудный бульварда жиналып тұрғандарын хабарлады.

Сонымен қатар, РБК ресейлік жазушы Борис Акуниннің "Живой Журналдағы" блогына 13 мамырда оппозициялық "серуендер" өтетінін, оған 2000-дай адам қатысатынын жазып қойғанын атап өткен.

Интернет ресурстың хабарлауынша, "Шараның басты мақсаты - мәскеуліктердің өз қаласында еркін серуендеуге мүмкіндігі бар ма, жоқ па немесе бұл үшін арнайы рұқсат керек пе - осыны тексеру" болмақ. Мәскеу уақытымен сағат 12:00-де басталатын шарада "серуендеушілер" Пушкин алаңындағы ақын ескерткішінен Чистые пруды аймағындағы Грибоедов ескерткішіне дейін жүріп өтпек.

13 мамырда РБК сайтына жазушы Борис Акунин "Біз әдебиет туралы сұқбаттасқан түр жасап (шын мәнінде қорқыныштан дірілдеп), Пушкин ескерткішінен қаладағы оның екінші ескерткішіне дейін серуендеп барамыз", - деген.

РБК мәліметі бойынша, мұның алдында Мәскеу қалалық думасының спикері Владимир Платонов мәскеуліктерді бұл "серуенге" қатыспауға шақырған. Ол "сырттан келетін арандатушылар сырттай бейбіт көрінетін шараны салдары белгісіз жаппай тәртіпсіздіктерге ұластырып жіберуі мүмкін" деген болатын. Ал Мәскеу полициясы "серуенге" ешқандай қоғамдық тәртіп ережелері бұзылмаса, бөгет жасамайтындарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG