Accessibility links

Головкин бесінші мәрте әлем чемпионы атанды


(Көрнекі сурет)
(Көрнекі сурет)
WBA версиясы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 13 мамырда чемпиондық атағын қорғап қалды деп хабарлайды allboxing.ru сайты.

Украинада өткен жекпе-жекте 30 жасар Геннадий Головкин 28 жасар орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан үміткер жапондық Макото Фучигамиді 12 раундтық кездесудің үшінші раундында техникалық нокаутпен ұтқан.

Головкин екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген. Үшінші раундтың соңында Фучигами есеңгіреп, еденге құлаған. Бұдан ары төреші жапондық боксшыға кездесуді жалғастыруға тыйым салған.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2000 жылы жасөспірімдер арасында, 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Қазір орта салмақта WBA версиясы бойынша әлем чемпионы. Ол осымен әлем чемпионы атағын бесінші рет қорғап қалды.
XS
SM
MD
LG