Accessibility links

Yahoo-дің басшысы қызметінен кетті


Yahoo интернет порталының логотипі.
Yahoo интернет порталының логотипі.
Америкалық Yahoo интернет корпорациясының басшысы Скотт Томпсон резюмесінде білімі туралы мәліметін дұрыс көрсетпегені үшін туындаған жанжалдан соң отставкаға кетті.

Резюмедегі "қателікті" Yahoo корпорациясы акционерлерінің бірі Даниел Леб байқап қалған. Оның айтуынша, Скотт Томпсонның компьютерлік технологиялар саласында резюмесінде көрсеткендей ғылыми дәрежесі жоқ. Компания өкілдері Даниел Лебтің сөзін растаған.

Томпсонның орнына бас директор болып корпорацияның медиа департаментінің жетекшісі Росс Левинсон тағайындалды.
XS
SM
MD
LG