Accessibility links

Армениядағы сайлауда парламентке бес партия өтті


Парламент сайлауында дауыс беруге келген еревандық. Армения, 6 мамыр 2012 жыл.

Парламент сайлауында дауыс беруге келген еревандық. Армения, 6 мамыр 2012 жыл.

Арменияда 6 мамырда өткен парламент сайлауының түпкілікті қорытындысында ресми мәлімет бойынша парламентке бес партия мен бір партиялық блок өтті.

Орталық сайлау комиссиясының жексенбіде жариялаған мәліметі бойынша, алғашқы орында 44 пайыздан астам дауыс алған президент Серж Саргсяннің Республикалық партиясы тұр. Екінші орындағы "Бақуатты Армения" партиясы (жетекшісі - бизнесмен Гагик Царукян) 30 пайыздан астам дауыс алған. Ал бұрынғы президент Левон Тер-Петросян басқаратын "Армян ұлттық конгресі" партиясы 7 пайыз дауыс жинаған.

Заң бойынша, басым дауыс алған Республикалық партия жаңа үкіметті жасақтайды.
XS
SM
MD
LG