Accessibility links

Токиода бүкіләлемдік ұйғыр құрылтайы басталды


Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рәбия Қадыр Чехияда өткен "Азиядағы бейбітшілік, демократия және адам құқықтары" атты конференцияда. Прага, 11 қыркүйек 2009 жыл.
Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рәбия Қадыр Чехияда өткен "Азиядағы бейбітшілік, демократия және адам құқықтары" атты конференцияда. Прага, 11 қыркүйек 2009 жыл.
Токиоға әлемнің 20-дан астам елінен 200-ге тарта этникалық ұйғыр бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің құрылтайына жиналды. Бес күн болатын құрылтайда ұйғырлар Қытайдан тәуелсіздік алу мәселесін талқыламақ.

Ұйғырлар Қытайдың солтүстік-батысындағы тарихи отандары - Шыңжаң автономиялық ауданында Пекиннің мемлекеттік қатаң саясатының құрбаны болып отырғандарын айтады. Пекиннің елдің батысын игеру саясаты бойынша мұнда Қытайдың ішкі аудандарынан миллиондаған қытай қоныстанып жатыр.

Қуғындағы бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рабия Қадыр жиналғандарға Пекиннің "күштеп ассимиляциялау" саясатына қазір ешкім төзе алмайтынын айтты.

Рәбия Қадыр ұйғырлардың Жапонияға Азиядағы ең демократиялық ел болғандықтан жиналғанын да атап өтті.
XS
SM
MD
LG