Accessibility links

HRW Ливиядағы НАТО шабуылының құрбандарын айтты


Ливиядағы халық толқулары кезінде көтерілісшілер Сирт қаласына оқ атып жатыр. Ливия, 26 қыркүйек 2011 жыл.

Ливиядағы халық толқулары кезінде көтерілісшілер Сирт қаласына оқ атып жатыр. Ливия, 26 қыркүйек 2011 жыл.

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы "НАТО Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафиді биліктен кетіру кезіндегі әскери операцияда құрбан болғандардың санын дұрыс анықтамады" деп мәлімдеді.

Ұйым дүйсенбі күні таратқан жаңа зерттеуінде НАТО-ның өткен жылғы әуе шабуылдарынан 72 бейбіт тұрғын, оның ішінде 24 бала мен 20 әйел қаза тапқанын айтады. "НАТО құрбан болғандарға өтемақы төлеп, заңсыз жасалды деген шабуылдарға тексеру жүргізу керек" дейді ұйым.

HRW - әзірге НАТО-ның Ливиядағы әскери операцияларынан құрбан болғандар жайында мұқият тексеру жүргізіп жатқан жалғыз ұйым. Бұған дейін осыған ұқсас тексеру жүргізген Amnesty International ұйымы құрбандар санын 55 адам деп көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG