Accessibility links

Spiegel Грекияны Еуропа Одағынан шығаруға шақырды


Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле.

Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле.

Германиялық ықпалды Der Spiegel ("Шпигель") басылымы қаржы дағдарысынан құтыла алмай жатқан Грекияны Еуропа Одағы (ЕО) аймағынан шығаруға шақырды. Бірінші бетіне шығарған "Қош бол, Акрополис! Грекия не үшін ЕО аймағынан шығуы керек?" атты мақалада басылым дәл қазір Грекияның Еуропа Одағынан шығып кеткені жөн болар еді дегенді айтады.

Өткен аптада Грекияда болған сайлаудан соң парламентте басым көпшілік орын алған партия мен әсіре оңшыл және солшыл партиялар арасында ЕО мен Халықаралық валюта қорынан қаржылай көмек алу туралы жасалған келісім-шартты қайта қарау мәселесі көтеріле бастады.

Spiegel "Грекия одақ құрамына кіруге бұрын да дайын емес еді, қазір де дайын емес. Елді реформалар арқылы тұрақтандыру әрекеттері жүзеге аспай отыр" деп жазады.

Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле жексенбіде Грекияны ЕО құрамында зорлықпен қалдыра алмайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG