Accessibility links

Барнаулда "ОккупайАлтай" шарасы басталды


Чистые пруды аймағындағы Абай ескерткішінің маңына жиналған оппозиция белсенділері. Мәскеу, 14 мамыр 2012 жыл.

Чистые пруды аймағындағы Абай ескерткішінің маңына жиналған оппозиция белсенділері. Мәскеу, 14 мамыр 2012 жыл.

"Мәскеудегі оппозицияның "Халық серуеніне" Барнаулдағы азаматтық белсенділер де қосылып, "ОккупайАлтай" шарасын бастап кетті.

Барнаулдың орталығына шар мен ақ лента ұстаған ондаған жас жиналып, өзара әңгімелесіп, ән айтты. Жиын шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Шараны "Декабрь" азаматтық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған. Қозғалыс жетекшілерінің бірі Ольга Фотиеваның айтуынша, жиналғандар мәскеуліктердің "ОккупайАбай" шарасына қолдау білдіреді.

Шараға полицейлер кедергі келтірген жоқ.

Азаматтық белсенділер күн сайын жиналып отырмақ.
XS
SM
MD
LG