Accessibility links

Сирияда қақтығыстан үкіметтің 23 сарбазы қаза тапты


Растан қаласындағы қақтығыстардан қираған үйлер. Сирия, 13 наурыз 2012 жыл.

Растан қаласындағы қақтығыстардан қираған үйлер. Сирия, 13 наурыз 2012 жыл.

Сирияның Растан қаласында үкімет әскерлері мен қарулы көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр.

Оппозициялық белсенділердің мәліметінше, президент Башар әл-Асадты жақтайтын үкімет әскерінің 23 сарбазы қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұдан басқа ақпар жоқ.

Бұған дейін Растанның тұрғын үйлер орналасқан аудандарының бірінде үкімет әскерлері жаудырған оқтан 9 бейбіт тұрғын қаза тауып, 40-қа тарта адам жараланғаны хабарланған болатын.

Еуропа Одағы дүйсенбіде Сирия билігіне қарсы санкцияны күшейтуге шешім қабылдады. Бірақ қандай санкция салынғаны туралы әлі айтылмады.
XS
SM
MD
LG