Accessibility links

ЕО Украинадағы Еуропа кубогына байкот жарияламайды


Футболдан Еуропа чемпионатының кубогі. Киев, 11 мамыр 2012 жыл.

Футболдан Еуропа чемпионатының кубогі. Киев, 11 мамыр 2012 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) маусым айында Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатының матчтарына байкот жарияламайтын болды. Бірақ ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Киевпен саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша жасалатын барлық келіссөздерді тоқтату туралы шешім шығарды.

ЕО-ның бұл шешіміне Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы қудалауы себеп болып отыр. Тимошенко "2011 жылдың қазанында Ресеймен газ келісімін жасасқан кезде қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған.

Өткен айда Юлия Тимошенко өзін түрме күзетшілерінің ұрып-соққанын айтып, аштық жариялады. Осыған байланысты еуропалық жоғары шенді бірнеше шенеунік футболдан Еуропа чемпионатының Украинада өтетін матчтарына байкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG