Accessibility links

АҚШ-та қаза тапқан журналистер есімі мұражайға жазылды


Қастандық жасалып, ауруханаға түскен тәжікстандық журналист Далер Шарипов. Душанбе, 12 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қастандық жасалып, ауруханаға түскен тәжікстандық журналист Далер Шарипов. Душанбе, 12 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
2011 жылы кәсіби қызметін атқарып жүріп қаза тапқан 70 журналистің есімі Вашингтондағы журналистика мұражайында арнайы тақтаға жазылды.

70 журналистің арасында Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің тілшісі Рафиқ Тагидің да есімі бар. Оған белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасап, пышақтап кеткен еді. Шабуылдан ауыр жараланған Рафиқ Таги қастандықты Ирандағы адам құқықтары жайында жазған сыни мақалаларымен байланыстырған.

70 журналистің арасында Ирак пен Пәкістанда кісі қолынан қаза тапқан 14 журналист, оның ішінде Asia Times Online басылымының Пәкістан бюросының басшысы Салим Шахзад да бар. Ол Пәкістанның әскери теңіз күштерінің "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы туралы мақаласы жарияланғаннан соң қаза тапты.

Мұражайға жазылған тізімде дағыстандық "Черновик" газетін басып шығарушы Хаджимурад Камаловтың да есімі бар. Ол Солтүстік Кавказда полицейлердің исламшылдармен күресте тым қатыгез әрекеттер жасағанын жазған еді.
XS
SM
MD
LG