Accessibility links

Комиссия Қарағандыдағы үйдің құлау себебін жариялады


Қарағанды қаласындағы қирап қалған тұрғын үй. Қарағанды, 6 сәуір 2012 жыл.

Қарағанды қаласындағы қирап қалған тұрғын үй. Қарағанды, 6 сәуір 2012 жыл.

Қарағандыда мемлекеттік комиссия "Бесоба" тұрғын үй кешенінде бес қабатты үйдің құлау себебін жариялады деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

"Сарапшылардың қорытындысы бойынша, тұрғын үйдің құлауының басты себептері болған төтенше жағдай 2005-2006 жылдары үй құрылысын бастайтын кезде-ақ туындаған. Ол себептер - инженерлік-геологиялық мәліметтердің дұрыс болмауы, үй құрылысын жобалауға тиісті лицензиясы жоқ ұйымды тарту, үйді алғаш тұрғыза бастағаннан-ақ құрылыстың сапасыз жүргізілуі" делінген сейсенбіде Қарағанды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Комиссияның алдын ала есептеуі бойынша, құлаған үйден келген шығын 500 миллион теңгені құрайды.

2009 жылы 6 сәуірде үлескерлер қаржысына салынып, пайдалануға берілген "Бесоба" кешеніндегі бес қабатты үй құлап, ондаған отбасы далада қалған. Үйді салған құрылыс компанияларына, үйді қабылдап алған мемлекеттік комиссияның төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG