Accessibility links

Мұнайшылар ереуіліне арналған көрме көшеде өтті


Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі. Жаңаөзен, 17 шілде 2012 жыл.

Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі. Жаңаөзен, 17 шілде 2012 жыл.

Алматыда Батыс Қазақстандағы мұнайшылардың ереуіл бастағанына бір жыл толуына орай фото көрме ашылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Мұнайшылар ереуіліне бір жыл" деп аталған көрмені Janaozen.net веб-сайты мен "Жас Алаш" газетінің фото тілшісі Асылхан Әбдірайым ұйымдастырған. Көрмеде ереуілдің басталған кезінен бастап, оқиғаның даму барысы, Жаңаөзен оқиғасы, оқиғадан кейінгі сот процестерінен түсірілген 100 сурет кезең-кезеңімен қойылған.

Көрме "Қазақфильм" ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінің қақпасының сыртында өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме бастапқыда жалға алынған үйде өтуі тиіс болған. Бірақ таңертең үй қожайыны көрменің мұнайшалыр ереуіліне арналатынын естіп, үйде өткізуге рұқсат бермей қойған.

Бір жыл бұрын, 15 мамырда Маңғыстау мұнайшылары еңбек дауын шешуді талап етіп, ереуіл бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG