Accessibility links

Ташкентте бұрынғы мәдениет және спорт министрін өлтіріп кетті


Ташкент полициясы Өзбекстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі 55 жастағы Анвар Жаббаровтың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Жаббаровты Ташкентте мемлекеттік "Өзбек музей" мекемесіндегі кеңсесінен белгісіз біреулер 8 мамырда алып кеткен. Ал 13 мамырда оның мәйіті табылған.

Жаббаровтың туыстары оның өліміне қатысты бір күдіктінің ұсталғанын айтады. Бірақ билік орындары мұны растамай отыр.

Анвар Жаббаров 2009-2011 жылдары елдің мәдениет және спорт министрі болған. Бұдан соң елдегі мұражайларға бақылау жасайтын "Өзбек музей" мекемесін басқарып келді.
XS
SM
MD
LG