Accessibility links

Францияның жаңа президенті қызметіне кірісті


Франсуа Олланд инаугурацияда Елисей сарайына келе жатыр. Париж, 15 мамыр 2012 жыл.

Франсуа Олланд инаугурацияда Елисей сарайына келе жатыр. Париж, 15 мамыр 2012 жыл.

Сейсенбіде Парижде Францияның жаңадан сайланған президенті Франсуа Олландтың инаугурациясы болды.

Париждің Елисей сарайында болған салтанатты шарада президент Николя Саркиози Олландқа ядролық қарудың коды мен басқа да құпия құжаттарды жеке тапсырды. Бұдан соң Олланд Франция президенті ретінде ант қабылдады.

Франсуа Олланд енді елдің жаңа премьер-министрін ұсынбақ. Бұдан соң ол Германияға сапарлап, канцлер Ангела Меркельмен Еуропадағы қаржы дағдарысын талқыламақ.
XS
SM
MD
LG