Accessibility links

Адам құқықтары бюросы Қазақстан билігін айыптады


Алматыдағы "қарсылық жиыны". Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Алматыдағы "қарсылық жиыны". Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау қазақстандық халықаралық бюросы Қазақстан билігін "азаматтардың жиналып, өз ой-пікірлерін білдіру құқықтарын бұзып отыр" деп айыптады.

Бюроның мәлімдеуінше, полиция 28 сәуірде Қазақстанның түрлі қалаларында болған "Қарсылық жиынына" кедергілер жасаған. Митингі басталмай жатып, аяқталғанға дейін белсенділерді заңсыз түрде қамап, ұстаған. "Мысалы, Қарағандыдағы жиынды полиция күштері қуып таратты. Бұл - ішкі істер министрлігінің 2000 жылы 6 желтоқсанда қабылданған жиын, іс-шараларды ұйымдастырушыларды бөгемеу туралы бұйрығын бұзғандық" дейді бюро.

Бұдан өзге, бюро түрлі қоғамдық ұйымдардың 28 сәуір күні бейбіт митингілер өткізуге берген өтініштеріне де рұқсат етілмегенін, Қазақстан билігінің конституция мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің кейбір баптарын бұзып отырғанын айтады.

Бюро осыған орай Қазақстан билігін елде 2006 жылы сәуірде күшіне енген Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактісіне сәйкес өз міндеттемелерін орындауға шақырады.
XS
SM
MD
LG