Accessibility links

Мәскеу соты: "ОккупайАбай" лагерлері бұзылады


Мәскеудегі Абай ескерткішінің түбіндегі қарсылық шарасына қатысушылар. Мәскеу, 11 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудегі Абай ескерткішінің түбіндегі қарсылық шарасына қатысушылар. Мәскеу, 11 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудің Басман аудандық соты оппозицияның Чистые пруды аймағындағы "ОккупайАбай" наразылық шарасына тігілген лагерлерін алып тастауға шешім шығарды.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, сот Чистые пруды аймағы тұрғындарының биліктің "ОккупайАбай" шарасына қатысушыларға қатысты ешқандай шара қолданбай отырғанына түсірген шағымын қанағаттандырған.

"Әділ сайлаулар үшін" деп аталған кампания шеңберіндегі акция Чистые пруды аймағындағы Абай ескерткішінің маңында бір аптадан бері жалғасып келеді. Кешке қарай онда мыңнан астам жиналып жүрді.

Сотта сөйлеген қала әкімшілігінің өкілі акцияға қатысушылар Чистые пруды аймағындағы көгалға 20 миллион рубль "зиян келтіргенін" айтты. Дүйсенбіде қала мэриясы шығын мөлшерін бір миллион рубльге бағалаған болатын.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов тұрғындардың шағымын биліктің арандатушылық әрекеті деп атады. Ол "егер полиция наразылық танытушыларды аймақтан қуса, олар басқа жерге жиналады" деді.
XS
SM
MD
LG