Accessibility links

«АрселорМитталдағы» өрттен 2 адам қаза тапты


Теміртаудағы «АрселорМиттал» компаниясының цехында өрт шықты. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі бір өрт сөндіруші мен бір краншы әйелдің қаза тапқанын хабарлады.

Агенттікке жұмысшылар металлургия комбинатының аглоөндіріс цехындағы өрттің Астана уақытымен сағат 16:00 шамасында шыққанын айтқан.

Жергілікті төтенше жағдай департаменті өрттің болғанын растады. Департамент өкілдері қаза тапқандардан басқа тағы бір өрт сөндірушінің зардап шеккенін айтқан.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы - халықаралық ArcelorMittal концерні құрамындағы Қазақстанның тау-металлургия саласындағы ең ірі кәсіпорын. Компания құрамына Теміртаудағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы сегіз шахта, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы төрт темір рудасы кеніші енеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG