Accessibility links

Колумбияда жарылыс болып, экс-министр жараланды


Жарылыстан қираған көлік. Көрнекі сурет.

Жарылыстан қираған көлік. Көрнекі сурет.

Колумбияның астанасы Богота қаласында бұрынғы ішкі істер министрі Фернандо Лондоно келе жатқан көлік жолында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. 17 адам жараланған.

Жараланғандардың арасында 78 жастағы экс-министр де бар. Ал қаза тапқандардың арасында оның көлік жүргізушісі мен күзет полициясы бар.

Жарылыс болған кезде Фернандо Лондоно беренді көлікпен келе жатқан. Ел президенті Хуан Мануэль Сантос жарылысты "бұрынғы министрге жасалған қастандық" деп атады. Богота қаласының мэрі оқиғаға күдікті деген бір азаматтың ұсталғанын хабарлады.

Жарылыстың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG