Accessibility links

Тәжікстанның бұрынғы "Халықтық майдан" партиясы қайта құрылмақ


Тәжікстанның бұрынғы "Халықтық майдан" партиясының бұрынғы жетекшісі Құвватали Муродов.
Тәжікстанның бұрынғы "Халықтық майдан" партиясының бұрынғы жетекшісі Құвватали Муродов.
Тәжікстанның бұрынғы "Халықтық майдан" партиясының бұрынғы жетекшілері партияны қайта құру ойлары бар екенін жариялады.

Азаттық радиосының Тәжік қызметінің хабарлауынша, партияның бұрынғы жетекшісі Құвватали Муродов партияның Тәжікстанда оппозициялық күштердің бірігуіне көмектесу үшін құрылатынын және оның "Қарусыз халықтық майданы партиясы" деп аталатынын айтады.

Муродов партияның мақсаты 1992-1997 жылдары азаматтық соғыста екі жақта күрес жүргізген дала командирлері мен жауынгерлердің және басқа да саяси белсенділердің басын біріктіру екенін, олардың елдің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешіп, саяси өміріне араласуына мүмкіндік беруді көздейтінін жеткізген.

Партияның қайта құрылатыны туралы мәлімдеме Тәжікстанның саяси топтары 2013 жылы қарашада болатын президент сайлауына дайындықты бастағанннан кейін жасалып отыр.

Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон елді 20 жылға жуық уақыт басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG