Accessibility links

Тәжікстан түрік сериалдарына тыйым салды


Теледидар көріп отырған отбасы. Көрнекі сурет.
Теледидар көріп отырған отбасы. Көрнекі сурет.
Тәжікстанның мемлекеттік кино агенттігінің басшысы Давлат Сафаровтың айтуынша, үкімет елде танымал бірнеше түрік телесериалдарын көрсетуге тыйым салды. Ол "түрік сериалдары көрермендерге теріс әсер етеді, фильмдерде терроризм мен экстремизм насихатталады" дейді.

Түрік сериалдары соңғы екі жыл бойына тәжік көрермендеріне кең танымал болып кетті. Бірақ соңғы уақытта үкімет радикалды экстремизм туғызуы мүмкін деген кез келген телевизиялық өнімге күдікпен қарайтын болды.

Көршілес Өзбекстан да ақпан айында бірқатар түрік телесериалдарына тыйым салған болатын. Ал Әзербайжанда наурыздан бастап елде кез келген шетелдік сериалдар мен фильмдерді көрсетуге тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG