Accessibility links

Пәкістандағы Батыс елшіліктеріне доқ көрсетілді


Карачи қаласында тұрған НАТО-ның Ауғанстанға жанармай тасымалдаушы көліктері. Пәкістан, 16 мамыр 2012 жыл.

Карачи қаласында тұрған НАТО-ның Ауғанстанға жанармай тасымалдаушы көліктері. Пәкістан, 16 мамыр 2012 жыл.

Пәкістандағы Франция елшілігі, Ұлыбритания және Австралия өкілдіктеріне қоқан-лоққы көрсеткен, ішінде күдікті қара ұнтағы бар хат келді.

Хатта ұнтақтың улы екендігі және "Пәкістан Ауғанстандағы коалиция күштеріне жүк жеткізуге транзиттік жолдарын қайта ашса, улы зат НАТО жүктеріне де салынатыны" айтылған. Ұнтақ тексеруге зертханаға жіберілді.

Исламабад полициясының басшысы Бани Амин шетелдік өкілдіктерге беймәлім заты бар хат келгенін растады. Бірақ ұнтақ оның құрамын анықтауға жететіндей көп емес. Аминнің сөзіне қарағанда, мұны бұзақылар да істеуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG