Accessibility links

Грекияда уақытша үкімет жасақталды


Грекияның уақытша үкіметінің басшысы премьер-министр Панагиотис Пикраменос.

Грекияның уақытша үкіметінің басшысы премьер-министр Панагиотис Пикраменос.

Грекияда уақытша үкімет жасақталып, премьер-министр елдің әкімшілік сотының бұрынғы төрағасы Панагиотис Пикраменос болды. Ол уақытша үкіметті жаңа парламент сайлаулары болатын 17 маусымға дейін басқармақ.

Сәрсенбіде елдегі саяси партиялардың жетекшілері президент Каролос Папульяспен кездесуде премьердің кандидатурасы мен жаңа сайлау өткізу мерзімін бекіткен болатын.

6 мамырдағы сайлауда парламентке өткен партиялар басқарушы коалицияны құруға келісе алмағандықтан 17 маусымда қайтадан сайлау өтпек.

Партиялар Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының Грекияны қаржы дағдарысынан сақтап қалу үшін беретін көмегі мен бюджетті қысқарту шараларына қатысты ұстанымдары әртүрлі болғандықтан басқарушы коалицияны құра алмады..
XS
SM
MD
LG