Accessibility links

Бұрынғы сербтер қолбасшысының соты жүріп жатыр


Босниялық сербтердің бұрынғы бас қолбасшысы 70 жастағы Ратко Младич.
Босниялық сербтердің бұрынғы бас қолбасшысы 70 жастағы Ратко Младич.
Бейсенбіде Гаагадағы бұрынғы Югославия бойынша өтіп жатқан халықаралық сотта босниялық сербтердің бұрынғы бас қолбасшысы 70 жастағы Ратко Младичтің ісін қарау екінші күнге жалғасты.

Соттың алғашқы күнінде тергеу өкілдері Младич 1990 жылдары Балқан соғысы кезінде Босниялық этникалық қырғынға жауапты деп тапқан болатын. Прокурордың сөзінше, қатаң қуғын-сүргіннің тікелей Ратко Младичтің бұйрығымен жүргізілгенін дәлелдейтін құжаттар бар.

Ратко Младичке жиыны 11 бап бойынша айып тағылып отыр. Олардың ең бастысы - 1995 жылы Сребрениц қаласында сегіз мыңға тарта мұсылман ерлері мен жастарын қырғаны үшін тағылған айып. Бұл бойынша Младичке өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілуі мүмкін.

Бірақ Ратко Младич өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG