Accessibility links

Полицей: "Жаңаөзенге әскер кіргізіліп жатқан жоқ"


Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзен қаласына қосымша әскер кіргізіліп жатқан жоқ" деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мейірхан Жаманбалаевқа сілтеме жасаған жергілікті "Лада" газеті.

Жергілікті ақпарат құралдары Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырыстары аяқталып, үкімдер оқылар тұста қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлаған. Жаңаөзен тұрғындарына сілтеме жасаған «Guljan.org» басылымы апта ортасында қалада жол полицейлері көбейіп, әскерилер жиі ұшырасатынын жазған.

Бірақ қала прокуроры Марат Тойжан 16 мамырда күшейтілген күзетпен қаладан балалардың пионер лагеріне шығарып салынғанын айтты.

Жаманбалаев Жаңаөзенде әскерилердің көбеймегенін, тек олардың үнемі бір-бірін алмастырып тұратынын ескертті.
XS
SM
MD
LG