Accessibility links

38North: Пхеньян ядролық реактор жасап жатыр


Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары бейсенбіде Солтүстік Кореяның ядролық реактор жасау жұмысын қайта бастағанын хабарлады.

Джон Хопкинс университетінің америка-оңтүстік кореялық институтының 38North веб-сайтының хабарлауынша, 30 сәуірде спутник арқылы түсірілген суреттерде Солтүстік Кореяның желтоқсан айындағы үзілістен соң ядролық реактор жасауға қайта кіріскені көрінеді.

Веб-сайт "Ғарыштан түсірілген реактордың прототипі мен Йонбенедегі уран байытатын зауыт Пхеньянның ядролық арсеналын күшейтуге шындап кіріскенін көрсетеді" дейді. Сайт бұған қоса реактордың екі жыл ішінде іске қосылатынын да болжап отыр.

Сәуірде Солтүстік Кореяның ғарышқа спутник алып ұшқан зымыраны жер орбитасына шыға алмай, мұхитқа құлаған еді. Батыс елдері Пхеньянды "БҰҰ-ның санкциясын бұзып, әскери зымыран ұшырды" деп айыптаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG